30 қыркүйек Атырау қаласында «Қазақ тілі және жасанды интеллект: теориядан практикаға» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.

30 қыркүйек Атырау қаласында «Қазақ тілі және жасанды интеллект: теориядан практикаға» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы М.А.Жанасова және Тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Н.Төлегенова қатысып, Атырау облысы әкімдігінің Алғысхатымен марапатталды. Мемлекеттік тілді оқыту мен дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді...

1 қазан – Қарттар күніне орай Тілдерді оқыту орталығының ұжымы орталықтың ардагері, зейнеткері К.Х. Серғазинаны арнайы барып құттықтады.

1 қазан – Қарттар күніне орай Тілдерді оқыту орталығының ұжымы орталықтың ардагері, зейнеткері К.Х. Серғазинаны арнайы барып құттықтады.

Ұжым атынан ізгі тілектер айтылып, сый-құрмет көрсетілді. Ақыл-парасаты мен мол тәжірибесі кейінгі буынға әрдайым үлгі болған ардақты жанға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тілейміз!

Қазақ тілінде «процесс» сөзінің мағынасына қарай қолданылатын баламасы – «үдеріс».

Қазақ тілінде «процесс» сөзінің мағынасына қарай қолданылатын баламасы – «үдеріс».

«Үдеріс» – белгілі бір нәтижеге жету үшін бірінен кейін бірі жүзеге асатын әрекеттердің, өзгерістердің жиынтығы Қазақша сөйлейік, қазақша дұрыс қолданайық!

Оралхан Бөкей – қазақ сөз өнерінің дара тұлғасы!

Оралхан Бөкей – қазақ сөз өнерінің дара тұлғасы!

Бүгін – көрнекті жазушы, драматург, публицист Оралхан Бөкейдің туған күні. Оның сырлы да шынайы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алып, оқырман жүрегінен мәңгілік мекен тапты.

Шерхан Мұртаза – ұлт руханиятының шамшырағы!

Шерхан Мұртаза – ұлт руханиятының шамшырағы!

Бүгін – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күні. Оның тағылымды шығармалары мен елдік ойлары қазақ руханиятының қазынасына айналды.

Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні

Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні

Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген ұлы жазушы, ғалым және драматург Мұхтар Әуезовтің мұрасы – ұлт руханиятының баға жетпес қазынасы. Оның шығармалары халқымыздың тарихын, болмысын, мәдениеті мен құндылықтарын әлемге танытты. «Абай жолы» эпопеясы арқылы қазақ...

✨«Тұғыры биік – туған тіл» тақырыбындағы шеберлік класс барысында Халықаралық Ресей Федерациясындағы «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігі Тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Н. Төлегенова мен оқу-әдістемелік бөлім басшысы Ә.Қ. Темірованы Алғысхатпен марапаттады.

Марапат – ана тіліміздің мәртебесін арттыру, қазақ тілін кеңінен насихаттау жолындағы еңбектің лайықты бағасы.

«Мен оқыған алғашқы қазақша кітап»

«Мен оқыған алғашқы қазақша кітап»

Бүгін С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында кітап пен тілдің байланысын насихаттаған тағылымды «Мен оқыған алғашқы қазақша кітап» атты іс-шара өтті. Іс-шараға орталықтың А1 деңгейіндегі тыңдаушылары белсенді қатысты. Қатысушылар қазақ тілінде алғаш оқыған ертегілері...