Кеше 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментінде “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг барысында орталығымыздың директоры К.Х.Серғазина тілдер күні мерекесімен кұттықтай отырып, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірін сөзге тиек етті. Алаш арысының саналы ғұмырын тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің, табиғатына, араб әліпбиі жайына, терминдер, қазақ оқыту әдістемесіне арнағандығы туралы баяндады.Орталық оқытушысы З.Ж.Құлекенова “Іс қағаздар жүргізуде барыс және шығыс септіктерін дұрыс пайдалану” тақырыбында тренинг өткізді.

You may also like...