«Мемлекеттік тілді меңгерту: жаңашыл әдістеме және озық тәжірибе» тақырыбында республикалық семинар
2024 жылғы 18 қазанда түстен кейін Тілдерді оқыту орталығы ғимаратында «Мемлекеттік тілді меңгерту: жаңашыл әдістеме және озық тәжірибе» тақырыбында республикалық семинар өз жалғасын тапты. Семинардың шымылдығы орталық директоры К.Х.Серғазинаның сөзімен басталды. Ары қарай орталықтың мемлекеттік тіл оқытушылары республиканың әр өңірінен келген әріптестерімен тәжірибе алмасты. Атап айтар болсақ:
🔶А. Е. Оңталап “Цифрлық білім: мемлекеттік тілді үйренудегі әлеуметтік желінің рөлі” тақырыбында мемлекеттік тіл үйренушілердің санын арттырудағы әлеуметтік желінің маңызын түсіндірді.
🔶М. Т. Маратова “Жасанды интеллект: мемлекеттік тіл үйренудің жолы” атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.
Ары қарай Жетісу облысының “Тіл оқу-әдістемелік орталығы “Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі Ә. Б. Молдабаева “Мемлекеттік тілді меңгерудің инновациялық аспектлері” тақырыбында тренинг өткізді.
Семинар соңында қатысушылар орталық директоры К.Х.Серғазинаның атынан сертификатпен марапатталды.



