Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты байқау өтті.

Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт Батыс әскери округі қызметшілері арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты байқау өтті. “Тілдерді оқыту орталығы” КММ-нің директоры Серғазина Клара Хакимгалиевна қазылар алқасы құрамында болып, Атырау, Орал қалаларынан келген әскерилердің қазақ тілін меңгеру деңгейіне, мәнерлеп оқуына, тілдік әлеуетіне өз әділ бағасын берді. Орталық директоры К.Х. Серғазина Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор А. Жұмағалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған