📚 Бүгін А2 деңгейі бойынша жеке тұлғаларға арналған мемлекеттік тіл курсы өтті.
📚Тыңдаушылар сабаққа белсенді қатысып, жаңа сөздермен танысты. Сабақ барысында «Біз тату отбасымыз» тақырыбында тапсырмалар орындап, сан есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерді. ✨ Тіл үйрену бізбен жеңіл! Оқытушы: Олжас Тлемісұлы.



